Тұрақты табысы бола тұра 42 500 теңгеге өтініш беріп, әлеуметтік көмек алған азаматтарға айыппұл салынады немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін деп хабарлайды Dalanews.kz Uchet.kz-ке сілтеме жасап.
⠀
Дереккөз ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының бірінші және екінші тармақтарын мысалға келтірген екен.
Алаяқтық, яғни біреудің мүлкін жымқыру немесе алдау және сеніміне кіру арқылы біреуге тиесілі мүлікті иемденгендер жазаға тартылады.
Нақтырақ айтқанда 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
"Ал бір топ адам жасаған алаяқтық 4000 АЕК көлеміндегі айыппұл немесе 4 жыл бас бостандығынан айрылу жазасына кесілуі мүмкін. Бұдан бөлек мал-мүлкі де тәркіленеді», - деп жазады Uchet.kz.
Бұдан бөлек алаяқтық жасаған азамат 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылып, жазасын өтейді.
«Азаматтар немесе жұмыс беруші уәкілетті органға теріс ақпарат беріп, сол арқылы жәрдемақы алған болса, бұл әрекет қылмыстық жауапкершілікке апаратын алаяқтық бабы ретінде қаралады» деп жазған Uchet.kz порталы.