40%-ы - оңтүстік өңірлердің тумалары: Үкімет мүшелерін не байланыстырады?

40%-ы - оңтүстік өңірлердің тумалары: Үкімет мүшелерін не байланыстырады?
Dalanews.kz коллажы
40%-ы - оңтүстік өңірлердің тумалары: Үкімет мүшелерін не байланыстырады?

Қазіргі Қазақстан Үкіметінде 26 министр бар. Әрбір үшінші министр Алматы қаласы немесе Алматы облысында дүниеге келген. Қарағанды және Қызылорда облыстарынан шыққандар да аз емес, деп хабарлайды Dalanews.kz NewTimes.kz-ке сілтеп.

Бір қызығы, Үкіметте Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Түркістан және Қостанай облыстарынан шыққан бірде-бір министр жоқ.

Кабминнің шамамен 40%-ы – елдің оңтүстік өңірлерінің тумалары.

Алматы қаласы және Алматы облысы (11 адам):

  • Олжас Бектенов – премьер-министр

  • Қанат Бозымбаев – премьер-министрдің орынбасары

  • Мұрат Нұртілеу – вице-премьер, сыртқы істер министрі

  • Ермек Көшербаев – вице-премьер

  • Мәди Такиев – қаржы министрі

  • Ерлан Нысанбаев – экология және табиғи ресурстар министрі

  • Ерлан Сәрсембаев – әділет министрі

  • Жаслан Мәдиев – цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Шыңғыс Әрінов – төтенше жағдайлар министрі

  • Аида Балаева – мәдениет және ақпарат министрі

  • Ерлан Аққенженов – энергетика министрі

Қарағанды облысы (3 адам):

  • Светлана Жақыпова – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Арман Шаққалиев – сауда және интеграция министрі

  • Ерсайын Нағаспаев – өнеркәсіп және құрылыс министрі

Қызылорда облысы (3 адам):

  • Ғалымжан Қойшыбаев – вице-премьер (Үкімет аппаратының басшысы)

  • Ақмарал Әлназарова – денсаулық сақтау министрі

  • Ғани Бейсембаев – оқу-ағарту министрі

Жамбыл облысы (2 адам):

  • Нұржан Нұржігітов – су ресурстары және ирригация министрі

  • Нұрлан Сауранбаев – көлік министрі

Павлодар облысы (2 адам):

  • Роман Скляр – бірінші вице-премьер

  • Дәурен Қосанов – қорғаныс министрі

Солтүстік Қазақстан облысы (1 адам):

  • Айдарбек Сапаров – ауыл шаруашылығы министрі

Шығыс Қазақстан облысы (1 адам):

  • Ержан Сәденов – ішкі істер министрі

Ақтөбе облысы (1 адам):

  • Серік Жұманғарин – премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі

Абай облысы (2 адам):

  • Саясат Нұрбек – ғылым және жоғары білім министрі

  • Ербол Мырзабосынов – туризм және спорт министрі

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Үкіметіндегі ең жас министрлер туралы жаздық.