Айнұр Шаймерденова Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Айнұр Қайратқызы 1992 жылғы 25 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Ол 2014 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған. Ал 2021 жылы Ресей Федерациясы президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында "Мемлекеттік және муниципалдық басқару" мамандығы бойынша білім алған.
Айнұр Шаймерденова Солтүстік Қазақстан облысының Өңірлік кадр резервіне енгізілген.
Еңбек жолын 2008 жылы бастаған. Әр жылдары мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, корпоративтік басқару және комплаенс салаларында еңбек еткен.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ-ның корпоративтік хатшысы қызметін атқарған.