28 наурызда онкология орталықтарында тегін тексерілуге болады

28 наурызда онкология орталықтарында тегін тексерілуге болады
Фото: Gov.kz

28 наурыз күні еліміздің барлық өңірлік, қалалық және облыстық онкология орталықтарында қатерлі ісікті алдын алуға арналған бірыңғай ашық есік күні ұйымдастырылады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Аталған күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жетекші онколог-дәрігерлер қазақстандықтарды жолдамасыз және алдын ала жазылусыз тегін қабылдайды.

Шараның негізгі мақсаты – қатерлі ісіктерді ерте кезеңде анықтау. Мамандардың айтуынша, дертті бастапқы сатысында анықтау емнің тиімділігін арттырып, науқастың өмір сапасын сақтауға мүмкіндік береді.

Қабылдауға келушілер өзімен бірге жеке куәлігін, сондай-ақ бұрын жасалған медициналық тексерулердің нәтижелері болса, соны алып келуі қажет.