26 қарашаға арналған жұлдыз жорамал

Қаракөз Амантай 26 қар. 2025 08:00

Төменде 12 жұлдыз белгісіне арналған жұлдыз жорамалды ұсынамыз, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тоқты 

Бүгін Тоқтылардың көңілі сергек. Қолға алған ісіңізге қайрат-қажыр жетеді. Біреудің сөзіне бола мұңаймаңыз. Өз жолыңыздан жаңылмасаңыз, береке табасыз.

Торпақ 

Торпаққа бүгін сабыр мен ұстамдылық серік болады. Тыныштықты сүйетін жаныңызға жайлы күн туады. Үй ішіндегі шаруаларға назар аударып, отбасыңызға жылулық сыйлағаныңыз дұрыс.

Егіздер 

Егіздердің ойы жүйрік, сөзі өткір болатын уақыт. Қарбалас жұмыстарда да абдырап қалмайсыз. Бүгінгі айтылған сөз – ертеңгі мүмкіндіктің кілті, сондықтан сөзді салмақтап сөйлеген жөн.

Шаян 

Бүгін жүрегіңіз жылып, мейіріміңіз артады. Ағайын-туыс, жақын жандардан қуанышты хабар естуіңіз мүмкін. Жан дүниеңізбен атқарған ісіңіздің қайыры қайтады.

Арыстан 

Арыстанға бүгін мінез керек. Батыл шешім қабылдап, тәуекелге барған тұсыңыз ұтады. Жұрт алдында сөзіңіз өтімді, беделіңіз артады.

Бикеш 

Бикештер үшін бұл күн – реттеудің, жинақтаудың күні. Басыңызды ауыртқан дүниенің бәрін орнына қойып, ойыңызды тазартатын сәт. Ұсақ-түйекке бола өзіңізді шаршатпаңыз.

Таразы 

Таразының таразысы бүгін тең түспей, сезімге берілуіңіз мүмкін. Шешімді жүрекке емес, ақылға салған дұрыс. Күннің екінші жартысында қуанышты жаңалық күтіп тұр.

Сарышаян 

Сарышаянның бүгінгі күні тәуелсіздікпен басталады. Көңіліңізге жақпаған нәрседен біржола бас тартасыз. Жаңа жоспар құрып, жаңаша дем аласыз.

Мерген 

Мергенге шабыт қонады. Көңіліңіз дархан даладай кең болып, жаңа идеялар ойыңызға оралады. Алға қойған мақсатыңыздың бір қадамын бүгін жасаңыз.

Тауешкі 

Тауешкілерге қажыр-қайрат ауадай қажет. Жұмыстағы жауапкершілік салмағын сезінесіз. Бірақ төзім — сіздің қаруыңыз. Соңы сәттілікке әкеледі.

Суқұйғыш

Бүгін Суқұйғыштың ойын өзгеріс билейді. Жаңа адамдармен танысып, тың дүниелерді байқап көргіңіз келеді. Бірақ асықпай қадам бассаңыз – жолыңыз ашылады.

Балықтар 

Балықтарға бүгін тыныштық керек. Ішкі әлеміңізге үңіліп, ойыңызды реттеген жөн. Кешкі уақытта жылы бас қосу немесе жүрекке жақын адаммен әңгіме сізге шабыт сыйлайды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар