26 жыл күткен жеңіс: Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионы

Көркем Алдабергенова 20 қыр. 2025 22:53

Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Айдос Сұлтанғали Хорватияның Загреб қаласында өткен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді.

Финалда Сұлтанғали өзбекстандық Алишер Ғаниевті 9:0 есебімен айқын жеңіп, жарысты мерзімінен бұрын аяқтады.

Айта кетейік, Айдос Сұлтанғали бұған дейін де әлем чемпионатында екі рет қола жүлдегер атанған (2018, 2022).


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар