23 тамызда бюллетенді суретке түсіріп, жариялауға болмайды

23 тамызда бюллетенді суретке түсіріп, жариялауға болмайды
ашық дереккөз

23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарын сайлау кезінде азаматтарға толтырылған бюллетеньді суретке немесе видеоға түсіріп, оны таратуға тыйым салынады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы отырысында комиссия мүшесі Ләззат Сүйіндік айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оның сөзінше, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заңға сәйкес дауыс беру күні толтырылған бюллетеньді түсіруге және жариялауға болмайды.

Бұл ретте сайлау учаскесінде суретке түсуге рұқсат етіледі. Мысалы, азамат дауыс беру жәшігінің жанында немесе бюллетеньді жәшікке салып жатқан сәтін суретке түсіре алады. Алайда суреттен оның қай партияға немесе кандидатқа дауыс бергені көрінбеуге тиіс.

Ләззат Сүйіндік бұл шектеу тек дауыс беру күніне қатысты екенін мәлімдеді. Сайлау аяқталғаннан кейін мұндай материалдарды жариялауға тыйым салынбайды.