Freedom Inside '26

2026 жылы әр балаға Ұлттық қордан 130 доллардан төленеді

2026 жылы әр балаға Ұлттық қордан 130 доллардан төленеді
ЖИ: Dalanews.kz

Биыл Қазақстандағы балаларға Ұлттық қор қаражатынан шамамен 130 АҚШ доллары көлемінде төлем аударылады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

Оның айтуынша, ресми деректер 1 ақпан күні жария етіледі. Ал Ұлттық қор активтерін басқару нәтижесінде түскен табыс 8,7 миллиард долларды құраған.