2026 жылдан бастап жаңа ауру түрлері МӘМС жүйесіне енгізіледі

Қаракөз Амантай 25 жел. 2025 15:22

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті кеңейтіледі. Осыған сәйкес бірқатар созылмалы ауруларды емдеу тегін жүргізіледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"2026 жылы 1 қаңтардан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеті кеңейтіледі, және бірқатар созылмалы аурулар осы жүйе аясында көрсетілетін медициналық қызметтер тізіміне енгізіледі", - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, МӘМС жүйесіне қант диабетін, балалардың церебралды сал ауруын, ревматизмді және дәнекер тіндерінің жүйелі зақымдануларын емдеу енгізіледі. Осылайша, МӘМС созылмалы аурулардың басым бөлігін қамтитын болады.

Сонымен бірге әлеуметтік маңызы бар 11 ауру түрі бұрынғыдай тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында қаржыландырылады. Олардың қатарына туберкулез, ВИЧ-инфекция, қатерлі ісіктер, созылмалы вирустық гепатиттер мен бауыр циррозы, психикалық ауытқулар, сирек (орфандық) аурулар, орталық жүйке жүйесінің дегенеративті және демиелинизирлеуші аурулары, эпилепсия, жедел миокард инфаркті (алғашқы алты ай), сондай-ақ инсульт (бір жыл ішінде) жатады.

Сақтандырылған барлық науқасқа бұрынғысынша тегін ем қабылдап, дәрігер кеңесіне жүгініп, қажет дәрі-дәрмектерді ала береді. 12 миллионнан астам азамат жеңілдікті санаттарға жатады, олардың жарналары мемлекет есебінен төленеді.

Бұдан бөлек, 2026 жылдың басынан бастап өмірлік қиын жағдайға тап болған шамамен 1 миллион азамат жергілікті атқарушы органдар есебінен медициналық сақтандыру жүйесіне енгізіледі. Азаматтарға "D" немесе "E" мәртебесін нақтылау үшін тіркелген емханасына жүгіну ұсынылады.

Сақтандырылған мәртебе МӘМС аясында тегін талдаулар, диагностика, дәрігерлердің консультациялары, жоспарлы операциялар, емдеу және оңалту қызметтеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мәртебені ФСМС сервистері, eGov порталы және мобильді қосымшалар арқылы тексеруге болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар