2024 жылы Қазақстан паспорт беруден рекорд орнатты: себебі неде?

Қаракөз Амантай 06 қаң. 2025 10:38 2204

2024 жылы Қазақстанда 1 488 308 паспорт беріліп, соңғы 30 жылдағы рекорд жаңартылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ІІМ өкілдерінің мәліметінше, мұның басты себептерінің бірі – балаларға арналған паспорттарды рәсімдеу құнының екі есеге төмендеуі.

“Қазақстан азаматтарының ішінде ең жас паспорт иесі – небәрі 10 күндік сәби, ал ең үлкені – 109 жастағы қария. Реадмиссия тәртібімен полиция шетелде құжатсыз қалған 70 қазақстандықты елге қайтарды. Сонымен қатар 41 шетелдік IT маманына жеңілдетілген тәртіппен Қазақстанда тұруға рұқсат берілді”, – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Елімізде 12 мыңнан аса қазақстандық ұлтын ауыстырғаны туралы хабарлаған едік.

“Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, елімізде 743 орыс ұлтын неміс деп өзгерткен. 354 өзбек - қазақ болып өзгерген, 300 орыс украиндық деп, ал 246 украиндық орыс деп өзгертсе, 11 орыс - қазақ болып өзгерген”, — деп жазды Paryz.kz агенттігі.

Ал жылдар бойынша: 

2021 жылы 3254 қазақстандық; 

2022 жылы 3363 қазақстандық; 

2023 жылы 3366 қазақстандық, 

2024 жылы 2158 қазақстандық ұлтын өзгерткен. 

Қазақстан Республикасы Конституциясының19-бабының 1-тармағына сәйкес әркімніңөзінің ұлттық, партиялық және діни тиесілігінайқындауға және көрсетуге немесекөрсетпеуге құқығы бар. Бұл норма адамныңөзінің ұлттық ерекшелігін анықтау құқығынбекітеді. 

Қазақстан азаматының ұлты ата-анасының бірінің ұлты бойынша анықталады. Ата-аналардың ұлттары әртүрлі болған жағдайда арнайы тәртіп қолданылады. Ол баланың қалауы бойынша әкесінің немесе анасының ұлттық тиесілілігіне сәйкес жеке куәлік және (немесе) паспорт беру кезінде айқындалады. Осыдан кейін ұлтты бір рет екінші ата-ананың ұлтына өзгертуге болады.

Екінші ата-анасы бойынша ұлтын өзгерткісікелетін азамат тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгініп, өтініш, туу туралыкуәлік және жеке куәлік береді. Екі жұмыс күніішінде көші-қон қызметінің қызметкерлеріұсынылған құжаттардың негізінде ұлтынөзгерту туралы қорытынды шығарады. Осықорытынды негізінде азаматқа жаңа жеке куәлік беріледі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар