2024 жылы Астанада алты компания құрылыс лицензиясынан айырылды

Қаракөз Амантай 12 нау. 2025 18:15 210

2024 жылы Астанада алты құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды. Сонымен қатар заң талаптары мен құрылыс нормаларының бұзылуына байланысты соттарға 180-нен астам талап-арыз жолданды. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жалпы, өткен жылы елордада 431 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 600-ге жуық заң бұзушылық анықталған.

"Сот шешімімен төрт нысан сүрілді, себебі олардың құрылысы жерге иелік ету құқығынсыз басталған", - деді Жеңіс Қасымбек.

Астана әкімі құрылыс нысандарына бақылау биыл да күшейтілетінін атап өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар