Төрағаның сөзінше тексеріс нәтижесінде 229 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
«Өткен жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты халықтан барлығы 1716 өтініш келіп түсті, соның негізінде 359 жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Тексеру барысында 163 өтініш берушінің айтқандары расталды, 88,9% (145) жағдайда қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді», деді агенттік басшысы.
Агенттік жанынан Мемлекеттік қызмет көрсету саласында құрамына Парламент депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, қоғам мүшелері кіретін Консультативтік-сараптамалық топ құрылған. Өткен жылы топтың 3 отырысы өтіп, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірленген.
«Мемлекеттік қызмет сапасын қоғамдық бағалауға тоқталар болсақ, 2021 жылы Президент Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг «электрондық үкімет» порталы арқылы, онлайн форматта да жүргізілді. Мониторинг 23 мыңнан астам респонденттің қатысуымен 95 мемлекеттік қызметті қамтыды. Нәтижесінде, халықтың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейі 75,4%-ды құрады», - дейді Д.Жазықбаев.
Бұл объективтілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндіктен, ағымдағы жылы Агенттік бұл жұмысты жалғастыратын болады. Болашақта қызметтер сапасын бағалауды онлайн форматқа кезең-кезеңмен көшірілмек.