20 минутта рәсімделген келісім: Түркістандағы әлеуметтік орталықтың әрекеті күмән тудырды

Қаракөз Амантай 11 нау. 2026 13:47

Түркістан облысындағы №5 Отырар арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы мемлекеттік сатып алу порталында кеңсе тауарларын сатып алған. Порталда жарияланған құжаттарға сәйкес, сатып алу электрондық дүкен тәсілімен жүргізілген. Алайда оның өткен уақыты мен құжаттардағы кейбір мәліметтердің берілуі бірқатар күмән тудырды. Осы тұста, Dalanews.kz редакциясы бірнеше сатып алуға шолу жасады.

Сатып алуды кім ұйымдастырған

Порталдағы дерекке сәйкес, сатып алуды Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты №5 Отырар арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы ұйымдастырған.

Сатып алу мемлекеттік сатып алу порталындағы электрондық дүкен арқылы жүзеге асқан. Бұл тәсілде тапсырыс беруші порталдағы каталогтан тауарды таңдап, жеткізушілердің баға ұсыныстарын салыстырады. Ең төмен баға ұсынған жеткізуші жеңімпаз болып анықталады.

Қандай тауарлар сатып алынған

Порталдағы құжаттарға қарағанда, мекеме бірнеше кеңсе құралын алған. Атап айтқанда, пластилин, қайшы, еден жуғыш жиынтығы.

Пластилин сатып алу

Алғашқы хаттамаға сәйкес, мекеме пластилин сатып алған.

Бұл позиция бойынша екі жеткізуші баға ұсынған:

  • 37 470 теңге
  • 37 500 теңге

Ең төмен баға ұсынған жеткізуші жеңімпаз деп танылған.

Қайшы сатып алу

Сатып алу құжаттарында кеңсе қайшысы да көрсетілген.

Бұл тауар бойынша ұсынылған баға: 41 940 теңге. Яғни кеңсе қайшысы осы сомаға сатып алынған.

Еден жуғыш жиынтығы

Үшінші хаттамаға сәйкес, мекеме еден жуғыш жиынтығын сатып алған.

Бұл сатып алу бойынша ұсынылған бағалар: ВВС – 479 980 теңге, ЖК “Айша” – 480 000 теңге.

Ең төмен баға ұсынған ВВС компаниясы жеңімпаз деп танылған.

Тапсырыс 2026 жылғы 6 наурызда 12:42-де рәсімделіп, 14:01-де расталған.

Неге күмән тудырады

Құжаттарды талдау барысында бірнеше жайт назар аудартады.

Біріншіден, кей сатып алулар өте қысқа уақыт ішінде рәсімделген. Мысалы, пластилин сатып алу шамамен 20 минутта аяқталған.

Екіншіден, мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес, тауардың нақты саны, техникалық сипаттамасы және басқа да параметрлері келісімшарттың техникалық сипаттамасында толық көрсетілуі тиіс. Бұл талап бюджет қаражатының қалай жұмсалып жатқанын қоғамға ашық көрсету үшін енгізілген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove