19 жастағы өнертапқыш Қанат мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін жеңілдетуге арналған инновациялық құрылғы жасап шығарды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Жас өнертапқыш ауыз қуысына орналастырылатын «ақылды капа» әзірлеген.

Фото: Threads
Бұл құрылғының көмегімен адам тілінің қимылдары арқылы смартфонды, компьютерді және басқа да гаджеттерді қол тигізбей басқара алады. Осылайша мүмкіндігі шектеулі жандар цифрлық құрылғыларды өздігінен пайдалану мүмкіндігіне ие болады.
Алайда бұл Қанаттың жалғыз жобасы емес. Ол сондай-ақ гуманоид роботтар мен робот-иттерді бағдарламалаумен айналысады. Бұл жобалар жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың қатарында.