15 тамызда мемлекетке қайтарылған қымбат бұйымдардың аукционы өтеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС E-Qazyna веб-платформасында бағаны көтеру әдісімен электрондық сауда өткізілетінін хабарлайды. Аукцион 2025 жылғы 15 тамызда сағат 10:00-де өтеді.
Саудаға қойылған лоттар:
- Әшекей бұйымдар (бижутерия) – 15 дана, бастапқы бағасы – 139 100 теңге;
- Сувенирлік монеталар мен қаламдар – 32 дана, бастапқы бағасы – 8 640 728 теңге;
- Былғары белдік пен қару түрлері – 26 дана, бастапқы бағасы – 6 118 847 теңге.
Активтердің жалпы бастапқы құны – 14 898 675 теңге.
Аукционға қатысу үшін E-Qazyna платформасында тіркеліп, кепілдік жарнаны енгізу және өтінімді белгіленген мерзімде тапсыру қажет.
Лоттар туралы толық ақпарат және қатысу шарттары E-Qazyna веб-платформасында қолжетімді.