15 млн теңгеге бағалаған: Ақтөбе тұрғыны ағзасын сатпақ болған

Сағыныш Сардарова 15 мам. 2025 14:42 618

Ақтөбе тұрғыны заңсыз өз ағзасын сатпақ болған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әлеуметтік желідегі жазбаларға мониторинг жүргізу барысында Ақтөбе қаласының тұрғыны өзінің ішкі органдарын сататыны жөнінде заңсыз мәміле жасауы мүмкін екені туралы ақпарат анықталған.  

Осы мәлімет негізінде полиция жедел іздестіру іс-шаралары жүргізген.  30 сәуірде жалпы сомасы 15 млн теңгеге адамның ішкі органдарын сату бойынша заңсыз мәміле жасамақ болған күдікті ұсталған. 

"Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігімен (Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою) соталды тергеп-тексеру басталып, тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар