147 млн теңгенің жері мемлекет меншігіне қайтарылды,- деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бас прокуратура мәліметінше, Ұлытау ауданының жер пайдаланушылары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған.
"Қадағалау актілері бойынша жол берілген заңбұзушылықтарға байланысты кадастрлық құны 147 млн теңгеден асатын, жалпы ауданы 90 000 гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды", - деп жазылған хабарламада.