Кабардин-Балқар Республикасында 2012 жылы енесін өлтірді деген күдікпен 44 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
2012 жылдың маусым айында Хатуй ауылындағы жеке үйлердің бірінен 75 жастағы зейнеткердің мәйіті табылған. Үйден сондай-ақ 157 мың рубль жоғалған. Сол кезде жүргізілген тергеу барысында қылмысқа қатысы бар адамдар анықталмай, іс уақытша тоқтатылған болатын.
Алайда тергеушілер істі толық жаппай, жылдар өткен соң қылмыстық іс материалдарын қайта қарап шыққан. Криминалистер куәгерлердің, соның ішінде марқұмның келіні мен сол кезде 8 жаста болған ұлының жауаптарын қайта зерттеген.
Тергеу үшін шешуші айғақ қазір есейген ұлдың жаңа жауабы болды. Оның айтуынша, анасы өзінен сол түні енесінің бөлмесінің жанында оны көрмегенін айтып, жалған куәлік беруді сұраған.
Қайта жүргізілген жауап алу кезінде әйел кінәсін мойындаған. Оның айтуынша, қылмысқа енесімен арадағы жеке келіспеушілік себеп болған. Әйел кісі өлтіргеннен кейін жертөледе жасырылған ақшаны да алып кеткенін айтқан.
Күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Қазіргі уақытта істі тергеу жалғасып жатыр. Тергеу барысы Ресей Федерациясының Тергеу комитетінің бақылауында.