«13 жылға қамалды». Дағыстандық шендінің ұлы Томирис Байсафаны қасақана өлтіргені анықталды

Dalanews 24 мау. 2022 23:47 844

Мәскеу қаласының Измайлов соты Томирис Байсафаның өліміне Дағыстанның бұрынғы вице-премьерінің ұлы Мұртазәлі Меджидов кінәлі деп тапты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазылар Мұртазәлі Меджидов Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенті әрі құрбысы Томирис Байсафаны аудитория терезесінен қасақана құлатты деген шешімге келді.

Күдікті Томирис Байсафаның өзі терезеден абайсызда құлағанын айтып ақталып келген еді. Дегенмен, көптеген сараптамалар мен куәгерлердің айғақтары оның сөздерін жоққа шығарды.

Яғни, жігіттің студент қызды терезеден әдейі итеріп жібергені белгілі болды. Алайда, бірінші үкім күдіктінің пайдасына шешіліп, ол кінәсіз деп танылған еді. Марқұмның анасы Жанна Ахметова тергеудің әділ жүргізілуін талап еткеннен кейін прокуратура соттың бұл шешіміне шағым түсіреді.


Енді Измайлов сотында қазылар алқасы жігітті қыздың өліміне кінәлі деген шешім шығарды. Сөйтіп, жас жігіт қазақстандық студентті оқу орнының аудиториясында қасақана өлтірді деп айыпталды. Мұртазәлі Меджидов 13 жыл өмірін темір тордың ар жағында өткізеді.

Еске салсақ, 2018 жылдың сәуір айында қазақстандық студент қыз Томирис Байсафаның Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының терезесінен құлап кеткені хабарланды. Кейін ол 3 мамырда ауруханада көз жұмды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар