13 жастағы бала рөлде болған: Алматы облысында жол апатынан 2 адам қаза болды

Көркем Алдабергенова 16 қаз. 2025 10:56

Алматы облысында түн ортасында болған жол апаты салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Ал тізгінде отырған 13 жастағы жасөспірім ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Қайғылы жағдай қала маңындағы Жалпақсай ауылында түнгі сағат 12 шамасында тіркелген. ВАЗ маркалы көлік басты жолмен келе жатқан Hyundai автокөлігімен соқтығысқан. Куәгерлердің айтуынша, жылдамдық тым жоғары болған. Қатты соққыдан Hyundai бағанаға соғылып,  зақым алған.

ВАЗ көлігінің рөліне кәмелетке толмаған бала отырған. Ал көліктегі 34 жастағы жүргізуші мен оның жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Қазір бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция жасөспірімнің ата-анасын жауапқа тарту мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар