11 миллион адам босып кетті

Dalanews 16 нау. 2020 03:27 761

Сириядағы соғыстың басталғанына тоғыз жыл болды. Ол содан бері бірнеше мемлекет пен түрлі жартылай әскерей діни топтар тартылған азамат соғысына айналды.

Жексенбі, 15 наурызда Германия, Франция, АҚШ және Ұлыбритания Сирияға жөнінде бірлескен мәлімдеме жасады. Асад жүйесі «жасаған қылмыстары үшін жауапқа тартылуы керек» делінген мәлімдемеде. Ресей мен Иран қолдауына ие Сирия жүйесі орны толмас гуманитарлық дағдарысқа әкеп соқтырады.

Германия, Франция, АҚШ пен Ұлыбритания Сирия басшылығынан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2254-қарарын орындауды талап етті. Қарарда ұлттық бітім орнатып, конституциялық реформалар мен еркін сайлау өткізуді қарастырады.


Төрт елдің мәлімдемесінде Асадтың жүйені сақтап қалуға талпынысы салдарынан Сирия тұрғындарының жарымы – 11 миллион адам босып кеткені, жарты миллионнан астам сириялық опат болғаны айтылды.

Сириядағы толқулар 2011 жылы «Араб көктемі» ықпалымен басталды. Жазда үкіметке қарсы бұл толқулар түрлі тараптардың әскери жанжалына ұласты. Оппозиция президент Башар Асадтың биліктен кетуін талап етті.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар