Қазақстанда ипотекалық несие бойынша шекті мөлшерлеме 1 шілдеден бастап 20 пайызға дейін төмендетіледі, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк Қазақстандағы несие мөлшерлемелерінің шекті деңгейін бекітетін бірлескен қаулы қабылдады. Құжат 16 мамырдан бастап күшіне енеді, алайда ипотекаға қатысты кей нормалар 1 шілдеден бастап қолданылады.
Қаулыға сәйкес, 16 мамырдан бастап:
– ипотекалық тұрғын үй займдарының шекті мөлшерлемесі 25 пайыз;
– кепілсіз банктік несиелер – 46 пайыз;
– кепілді несиелер – 35 пайыз;
– микроқаржы ұйымдарының несиелері – 46 пайыз болады.
Ал мерзімі 45 күнге дейінгі қысқа мерзімді микрокредиттер үшін бөлек шектеу енгізілді. Олардың сыйақы мөлшерлемесі тәулігіне 0,3 пайыздан, яғни жылдық есеппен 179 пайыздан аспауы тиіс.
Сонымен қатар 1 шілдеден бастап ипотекалық несие бойынша шекті мөлшерлеме 20 пайызға дейін төмендейді.