1 қыркүйектен бастап Қазақстанға көлік әкелу талаптары қатаңдайды

1 қыркүйектен бастап Қазақстанға көлік әкелу талаптары қатаңдайды
pixabay.com

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап шетелден әкелінетін автокөліктерді сертификаттау талаптары күшейтіледі, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сауда және интеграция министрлігі әзірлеген жаңа ережелерге сәйкес, рөлі оң жақтан сол жаққа ауыстырылған көліктерге көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік берілмейді. Соның салдарынан мұндай қайта жабдықталған көліктерді Қазақстанға заңды түрде әкеліп, тіркеу мүмкіндігі шектеледі.

Жаңа талаптар сертификаттау зертханаларының жұмысына да қатысты болмақ. Атап айтқанда, енді SOS жедел шақыру жүйесінің жұмысын тексеру процесі міндетті түрде бейнежазбаға түсірілуі тиіс.

Министрлік бұл өзгерістер жалған сынақтардың алдын алып, көліктерді нақты тексерусіз сертификат беру тәжірибесін болдырмауға бағытталғанын атап өтті.

Жаңа талаптар жобасы қоғамдық талқылаудан өтіп, Әділет министрлігіне жіберілген. Құжат 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.