1 мамырдан бастап Астана әуежайында шектеулер енгізіледі

Қаракөз Амантай 31 қаң. 2024 15:29 2104



Биыл 1 мамырдан бастап елорда әуежайының ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізуге байланысты шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.  

 



Астана қаласының әуежайын толық жаңғыртуға байланысты дайындық жалғасуда. Оның шеңберінде көлік министрлігі елорда әуежайы басшылығымен бірлесіп, отандық және шетелдік әуе компаниялардың өкілдерімен кеңес өткізді.







"Бірқатар келіссөздердің, ауа райы болжамының, әуежайдың әртүрлі уақыт аралығындағы жүктемесін зерделей келе, жолаушылар үшін туындайтын қолайсыздық салдарын азайту мақсатында түнгі уақытта күрделі жөндеу жүргізу туралы шешім қабылданды. Осылайша, 2024 жылғы 1 мамырдан 24 желтоқсанға дейін жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін Астана қаласының әуеайлағында әуе кемелерінің ұшып-қонуына шектеу қойылады", - деп жазылған әуежай қызметінің ресми хабарламасында.











Әуежай әкімшілігінің мәліметінше, бұлшара әуежай ұсынатын қызметтердің сапасына кері әсер етпейді. Әуежайдың қазіргі ұшу-қону жолағы 20 жылдан астам уақыт бұрын пайдалануға берілген.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар