1 мамырдан бастап Алматы мен Пусан арасында тікелей әуе рейсі ашылады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оңтүстік Кореяның EasterJet әуе компаниясы рейстерді аптасына екі рет орындайды.
"Жаңа бағыт Оңтүстік Кореяның ірі портты қаласы мен Алматыны жалғап, екі ел арасындағы туристік әрі іскерлік байланыстарды жаңа деңгейге көтереді. Сонымен қатар сапарларды бұрынғыдан да қолжетімді және ыңғайлы етеді", - делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.
Алматыға оңтүстіккореялық туристердің қызығушылығы тұрақты түрде артып келеді. 2025 жылы қалаға Оңтүстік Кореядан 23 мыңнан астам қонақ келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,3%-ға көп.
