Қаскелеңде 33 жастағы әйел із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Lider.kz еріктілері полициямен бірге Қарасай ауданында жоғалған әйелді бір жылға жуық уақыттан бері іздеп жатыр. Олар бірнеше рет іздеу жұмыстарына шығып, түскен барлық ақпаратты тексергенімен, әзірге нәтиже жоқ. Жоғалған адамға қатысты мәлімет еріктілердің Instagram парақшасында жарияланған.
Аманқылышова Жайна Жеңісбайқызы 1993 жылы туған, 2025 жылғы 8 маусымда жоғалған. Таңғы сағат 6 шамасында Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, 30-квартал, Новостройка мекенжайындағы үйінен шығып кеткен.
Белгілері: бойы 175-178 см, арықша келген, шашы ұзын, қою түсті, бұйра. Үстінде қара футболка, ақ шалбар болған. Қасында заттары салынған пакет пен телефон болған.
Еріктілер қазақстандықтарды осыған ұқсас адамдарға назар аударуға шақырды.
Жоғалған әйелдің жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат болса, +7 701 375 92 91, +7 705 105 31 31 нөмірлеріне немесе 102 қызметіне хабарласу сұралды.
