«Қосановты қолдап, миллиондаған адам алаңға шығар еді». Ертісбаев ащы шындықты айтты

Dalanews 16 ақп. 2022 02:26 268

Ермұхамет Ертісбаев «Ответь Бажкеновой» бағдарламасына сұхбат беріп, Назарбаев дәуірінің ақырына қатысты нақты баға беріпті. Осы ретте Nege.kz сайты Ертісбаевтың сұхбатында айтылған тұшымды ойларын ықшамдап жариялады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Нақты бір адамға – Назарбаевқа қарсы саяси наразылық акциялары 11 облыс орталығында, 70 шағын қалада, елдімекендерде өтті. Назарбаев елде мұнша қарсылықты электорат бар деп күтпеді. 2 қаңтарда мұнайшылар нарызылық бастады, 3 қаңтарда бұл саяси наразылыққа ұласты. Меніңше, Назарбаев өзінің отбасына деген елдің жеккөрушілігін де күтпеді...

Қарсылықты электорат – бір жарым миллион адам Қосановқа дауыс берді. Сосын Қосановты жұрт неге жек көріп кетті? Электораттың дені Қосановқа президенттікті бәрібір бермейтінін өте жақсы білді.

Бірақ одан 9-10 маусымда сайлау қорытындысын мойындамай, жұртты алаңға шақырады деп күтті. Бұл дүрбелең 2019 жылдың жазында болуы тиіс еді.

Ол кезде жүздеген мың адам емес, бір жарым миллион адам алаңға шығар еді. Қарсылықты электораттың деңгейі посткеңестік кеңістікте – Ресейде де, Қазақстанда да, Беларусьте де өте жоғары.


Кеңес одағы тарағанына 30 жылдан асты. Құбыжықтай көрінетін әлеуметтік теңсіздігі, жұмыссыздығы, басқа да «еркеліктері» бар мемлекеттік-олигархтық капитализмді қабылдай алмайтын жаңа буын өсіп шықты. Басты себеп – осыда...

Назарбаев 2011 жылы бір доллар 125 теңге болған кезде орнынан кеткенде қазір ол «Ұлы саяси қайраткер» ретінде есте қалар еді. Бірақ оның ақыры керемет саяси мәнсабын шайып кетті. Соңғы он жылда Назарбаевқа саясат керек емес еді. 2011 және 2015 жылдары өткен іш пыстыратын саяси науқан, үш бірдей девальвация төбеден жай түскендей әсер етті. Халықтың ұлттық валютаға деген сенімі жойылды. Ал ұлттық валюта – мемлекеттің маңызды атрибуты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x