Діни басқарма Мұхамеджан Тазабековке қатысты пікірін айтты

Dalanews 30 қар. 2016 04:21 248

Діни басқарма еліміздегі салафизм ағымына қосылғандардың портретін жасады. Жат ағымның жетегінде кеткендердің басым бөлігі ауылдан шыққан 25-30 жас аралығындағы азаматтар. Көбі жағдайы төмен отбасыларда тәрбиеленген және жұмыссыз бос жүргендер. Олар радикалды бағыттағы шейхтарды пір тұтып, солардың уағызын тыңдаған.
– Ең бірінші себебі – білімсіздік. Көбісі интернеттен дәріс алады. Оның ар жағында кім отырғанын білмейді. Сондықтан имам, теологтармен жеке әңгіме барысында, олар өздерінің исламнан толық хабардар емес екенін, қайдағы бір интернеттегі мәліметтерді өздеріне сіңіргенін мойындады, – дейді бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Сондықтан мүфтиат лаңкестігі үшін сотталған 400 астам адамды бөлек түрмеде ұстауды қолдап отыр. Тіпті түрмелерге барып дінінен адасқандарды райынан қайтарып жүр екен. Сондай-ақ, бүгін Діни басқарма Бас мүфти ауысады деген ақпаратқа қатысты да мәлімдеме жасады. Өйткені соңғы күндері «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков Діни басқармаға басшы болып тағайындалады екен деген ақпарат тараған. Басқармадағылар болса қазіргі төраға Ержан қажы Малғажыұлы қызметтен кетпейтінін алға тартты. Оның үстіне Бас мүфти болатын адам Ханафи мәсхабын ұстануы керек екенін алға тартты.

Дереккөзі: ktk.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x