Алматы облысында мектептердің материалдық-техникалық базасы нығайтуға 4,6 млрд теңге бөлінді

Dalanews 24 там. 2022 08:00 294

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында тұңғыш рет тамыз конференциясы өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтағы білім саласының өкілдері басын қосқан шараға ҚР Оқу-ағарту министрі  Асқат Аймағамбетов қатысты.

Еліміздің бас ұстазы өңірдегі мұғалімдермен өткен жиында облыс әкімінің салаға қатысты есебін таңдады.

Министр қатысқан бұл кеңесте Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ағымдағы жылы білім саласының бюджеті 274,7 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 34 млрд теңгеге артқанын алға тарты.


Биыл өңірде білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 4,6 млрд теңге, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға 2,7 млрд теңге бөлінгенін жеткізді.

– 2022 жылға жергілікті бюджет есебінен жаңа модификациялық кабинеттер сатып алуға 1063,3 млрд теңге қаражат бөлініп, жыл соңына дейін 102 пән кабинеті сатып алынады, – деді облыс әкімі Марат Елеусізұлы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x