Курчатов қаласында айрықша қамқорлықты қажетсінетін балаларға барлық жағдай жасалған

Dalanews 03 желт. 2021 11:27 265

Курчатов қаласының әкімі Алексей Глазинский Аймақтық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында қалада айрықша қамқорлықты қажетсінетін балаларға барлық жағдай жасалынып атап айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазіргі таңда Курчатов қаласында айрықша қамқорлықты қажетсінетін 83 бала тіркелген. Олардың 46 мектеп жасындағы балалар. Ерекше қамқорлықты қажетсінетін төрт бала маманданыдырлған білім беру мекемесінде білім алса, қалғандары орта мектептерде өзге балалармен бірге білім алып жатыр.

– Қазіргі таңда қаламыздағы мектептерде 26 инклюзивті сынып, балабақшада 4 инклюзивті топ жасақталған. Инклюзивті сыныптар мен топтар жасақталған мекемелерде психо-медицина-педагогикалық консилиум жұмыс істейді, – деді қала басшысы.


Ал Курчатов қаласындағы №3 орта мектепте орналасқан Инклюзивті білім берудің ресурстық орталғы айрықша қамқорлықты қажетсінетін балаларға әдістемелік көмек көрсетіп, олардың өз балалар секілді білім алуына қолдау көрсетіп келеді.

Орталық қызметкерлері семинарларды жиі ұйымдастырып, білікті психолог мамандармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтінін айта кетуіміз керек.

Өз кезегінде Алексей Глазинский Курчатов қаласында білім беру мекемелерінде айрықша қамқорлықты қажетсінетін балаларға еркін қимылдауына барлық жағдай жасалғанын тілге тиек етті. Әкімнің айтуынша, балалар «Кедергісіз әлем» деп аталатын жасөспірімдерге арналған үйірмелерге қатысып, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырып жүр екен.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x