Жүректен жүрекке жылу сыйлайық!

Dalanews 30 қыр. 2020 18:11 274



№ 104 жалпы білім беретін мектептің «Жүректен жүрекке жылу сыйлайық!» атты «мектепке жол»  республикалық акциясы

Ел көлемінде «жомарт» жандардың игі істерін, қайрымдылық жұмыстарын жандандыру, дәріптеу мақсатында түрлі іс-шаралар өтуде. Солардың бірі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы. Бүгінде дәстүрге айналған бұл шара өзгеге үлгі болуға жарарлық.



Жаңа  оқу жылына даярлау кезінде және әлеуметтік себептермен балалардың мектепке келмеу жағдайларының алдын алу бойынша әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы және аз қамтылған отбасынан шыққан балаларына қолдау көрсетуге бағытталған  «Мектепке жол» атты қайрымдылық іс-шарасын жүйелі түрде өткізіп келеді. Бұл қайрымдылық шараның мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылмай қалған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ киімдерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу. Осы мақсатта № 104 ЖББ мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен  оқу жылының барлық айында көмекке зәру отбасынан шыққан балаларға жүйелі түрде көмек берілуде. 2020 жылы елде «Еріктілер жылы» деп жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев өз жолдауында азаматтық қоғамды нығайтуда еріктілердің орны ерекше екенін атап айтқан болатын. «Қайырымдылық іс – адамзат қоршаған ортасына тигізетін мейірімі» дей келе       аталған акцияға мектебіміздің 2004, 2007, 2009, 2010, 2014 жылы бітірген түлектері мектебіміздегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға 4 ноутбук сонымен қатар интернет қосылған сим карталарды сыйға тартты.

 Аталған акция аясында Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастырумен «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының демеушілігімен қайтарымсыз негізде 4 ноутбук мектебіміздің көпбалалы және азқамтылған отбасынан шыққан балаларға табыс етілді.

«Жүректен жүрекке жылу сыйлайық!» деген ұранымен бастау алған акция аясында  «Жалпыға міндетті оқу қоры» есебінен мектебіміздің әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы және аз қамтылған, ата – ана қамқорлығынсыз қалған 89 оқушыға мектеп формасына және оқуға қажетті құралдар алуға қаражат ата – аналардың есепшоттарына аударылып, қашықтықтан оқыту үшін пайдалануға қайтарымды негізде планшетпен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы № 104 жалпы білім беретін мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен «DAULETTEN» қайырымдылық қорының демеушілігімен мектебіміздің  көпбалалы отбасынан шыққан 3 оқушыға азық – түлік түрінде көмек берумен жалғасын тапты. Бұл іс – шара жыл бойы жалғасын табады.

Мектеп директорының тәрбие
жөніндегі орынбасары:
Оразахынова М.Б.
Әлеуметтік педагог:
Ілес А.Қ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x