Мағжан өлеңдері рухани жаңғырудың өзегі

Dalanews 17 ақп. 2018 06:13 233

Алматы музейінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Мағжан поэзиясының маржандары» атты дөңгелек үстел өтті. Шараны «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» МКҚК-нің «Алматы музейі» және «С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені» ұйымдастырды.

Қазақ поэзисына өзінің маржан жырларымен өлшеусіз олжа салған ұлы ақын Мағжанды оқу, тану, білу, насихаттау – жас ұрпақ алдындағы баршамыздың парызымыз. Мағжан өлеңдеріне жаңа заман көзімен қарау арқылы біз рухани жаңғырамыз, рухани түлейміз

Іс-шараға «Қайнар» университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, мағжантанушы Бакыткамал Қанарбаева, философ-көсемсөзші, өнертанушы Әбдірашит Бәкірұлы, №137 М.Жұмабаев атындағы мектептің мұғалімдері мен оқушылары, мектептегі М. Жұмабаев музейінің жетекшісі Света Арынова қатысты.

Әсерлі кешті жүргізген С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің жетекшісі Әділғазы Қайырбеков Мағжанға еліктеп ақын болғанын айтты.



– Мағжан өлеңдері ұлттық рухқа, отансүйгіштік сезімге толы, алайда қанша уақыт бойы ақын шығармашылығын сынға алушылар көп болды. Ақын өмірін зерттеген 20 жылға жуық уақыт ішінде қаншама қиындықтар болды. Соған қарамастан өз қаражатыма ақын туралы 3 зерттеу еңбегімді жарыққа шығардым, – деді мағжантанушы Бакыткамал Қанарбаева.

Әбдірашит Бәкірұлы түрік ағайындарда кеңестік кезең болмағандықтан олар ақын шығармаларының сырын терең ұғып, мектеп бағдарламасынла ақын өлеңдерімен танысуға мүмкіндік болмағанын алға тартты.  Сондықтан қазіргі таңда ақын өлеңдерін мектепте оқыту өзекті мәселе, рухани жаңғыру, рухани баю екенін атап өтті.

Бұдан кейін №137 М.Жұмабаев атындағы мектептің оқушылары Жанель Дұрысқұлдинова мен Мағжан Жұмабаев ақын өлеңдерін оқыды.

Аталған мектептегі М. Жұмабаев музейінің жетекшісі Света Қанатбекқызы шара ұйымдастырушыларына алғыс білдіріп, алматылықтарды музейге шақырды. Алматы музейінде де Алаш қайраткерінің мұрасы сақталсын деген тілекпен ақынның шығармалар жинағын сыйға тартты.

Сондай-ақ,  қорытынды сөз алған Алматы музейінің жетекшісі Бақберген Жақсылықұлы М. Жұмабаевтың 125 жылдығы меретойы құтты болсы дей келе, жастарды «Мен жастарға сенемін!» деп артында өшпес өсиет қалдырған ақын өлеңдерін оқуға, музейге, театрға баруға шақырды. Себебі ертеңгі елдің болашағы білімді, мәдениетті жастардың қолында деп атап өтті.



 

 

https://dalanews.kz/12107

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x