Кездесуге туған жерден жырақта жүрген Жетісу өңірінің перзенттері, бүгінде көпке танылып, әдебиеттің белді өкіліне айналған қаламгерлер шақырылды. Облыста Тіл басқармасының бастамасымен тұңғыш рет қолға алыныпжобаға белгілі жазушылар Жұмабай Шаштайұлы, Дәурен Қуат, жас ақын Айнұр Төлеу қатысты.
Жазушы, журналист Есболат Айдабосын жүргізген кеште қаламгерлер шығармашылық лаборатория, әдебиет пен идеология, руханиятты байытудағы әдебиеттің рөлі, сауатты оқырман қалыптастыру, әдеби сынды дамыту және басқа да тақырыптарда келелі әңгімелер қозғап, студент жастар мен әдебиетсүйер қауымның сауалдарына жауап берді.
Айта кетсек, «Әдебиет – руханият діңгегі» жобасы жыл бойы жалғасып, қаламгерлер үштігімен кездесу айына бір рет өткізіліп тұратын болады.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі