Индустриалды даму бағдарламасы елімізге не берді?

Dalanews 10 там. 2022 11:26 285

Қазақстан экономикасын дамытуда еліміздегі қазба байлықтарды терең өңдеуден өткізіп, өзіндік құны жоғары таур күйінде сырт елдерге экспорттаудың маңызы зор. Міне, бұл бағытта елімізде 2010 жылдан бере Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы жүзеге асып келеді. Жалпы, бұл бағдарламаның жүзеге асып жатқанын еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін біледі. Бірақ қарапайым халық Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының аясында қандай өндіріс ошақтары құрылып, ел экономикасына қаншалықты пайда тигізіп отырғанын толықтай білмеуі мүмкін. Сол себепті Dalanews.kz ақпараттық агенттігі оқырмандарына осы бағдарламаның мәні мен мазмұны жайында кеңінен әңгімелеп беруді жөн деп таптық.

Елімізде Индустриалды даму бағдарламасы ең алғаш 2010 жылдан бастап жүзеге аса бастаған болатын. Бүгінде аталған бағдарламаны үшінші кезеңі жүзеге асуда. Бағдарламаның бірінші кезеңі 2010-2014 жылдарды қамтыда, екінші кезеңі 2015-2019 жылдары жүзеге асса, қазір үшінші кезең 2020-2025 жылдар аралығын қамтып отыр.

Индустариалды даму бағдарламасы экономиканың барлық саласын қамтитын маңызы зор мемлекеттік бағдарлама десек болады. Мұның алдында елімізде өндірісті дамытуға бағытталған салалық бағдарламалар болды. Кейіннен соның бәрі біріктірліп, оның орнын Үдемелі индустралды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы басқан болатын.

Осылайша ауыл шаруашылығы, мұнай-газ, химия өнеркәсбі, машинақұрастыру, телекоммуникация, фармацевтика және құрылыс сынды экономиканың маңызды салалары жан-жақты дами бастады.


2010-2014 жылдарға арналған индустралды-инновациялық даму бағдарламасында жалпы құны 50 млрд долларды құрайтын 237 жобаны жүзеге асыру көзделген болатын. Мамандардың сол кездегі есебі бойынша бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңінде еліміз бойынша 8,7 мың тұрақты жұмыс орынын құру көзделген болатын.

Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы қолға алынған тұста сарапшы мамандар қолға алынған жұмыстар жүйелі түрде іске асқан жағдайда ел экономикасының тең жартысы жаңарып, елімізде көлеңкелі экономиканың үлесі айтарлықтай қысқаратынын айтқан еді. Осылайша қазақ қоғамы Индустриалды даму бағдарламаға алғаш күннен бастап үміт артқан болатын.

Аталымыш бағдарлама қолға алынған 2010 жылдың аяғында Дүнежүзілік банк Қазақстан экономикасы 2%-ға жоғарлағанын жазған еді. Біраз 2013 жылы дүниежүзінде орын алған экономикалық дағдарыс Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына тежеп, бірқатар өзгерістер енгізуге мәжбүрлегені есімізде. Сол кезде әлемдік нарықтағы мұнайдың бағасы 40%-ға дейін құлдырып, ел экономикасына салқынын тигізгені жасырын емес. Сол кезеңде еліміздің экспорттық әлеуеті 42%-ға дейін құлдырады. Осылайша дүниежүзіндегі дағдарыс Қазақстан экономикасы да қос өкпеден қысқаны белгілі.

Жалып, Қазақстан индустралды даму бағдарламасының қолға алынуы елімізде отандық өндірісті өркендету жолындағы кедергілерді соқырға таяқ ұстатқандай көрсетіп бергенін атап айтуға болады.

Өндірісті өркендету үшін инфрақұрылым, білікті мамандар және қосымша электр қуаты керек екені белгілі. 2010-2014 жылдарға арналған индустариалды даму бағдарламасы бізге алғышарттарды қалыптастыруға ықпал еткенін айта кетуіміз керек. Белгілі экономикалық шолушы Сергей Домнин «Қала мен Дала» газетіне берген түсініктемесінде индустариалды даму бағдарламасының бірінші кезеңі жайында былай бағасын бергенді.

– 2010-2014 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы кезінде елімізде бірақтар өндіріс орындары бой көтерді. Дүниежүзін шарпыған экономикалық дағдарыс бағдарламының қарқынын бәсеңдеткенін мойындауымыз керек. Бірақ біздер бірінші кезеңде керметтей өндіріс орындарын құрмасақ та, болашақта еліміздің барлық өңірінде индустриалды даму бағдарламасын дамытуға қолайлы жағдай туғызатын инфрақұрылымдар құрды. Бұдан басқа өндіріс орындарының кідіріссіз жұмыс істеуіне қажетті электр қуатын өндіретін нысандардың салдық. Ең бастысы өндірісті өрге сүйрейтін кәсіптік-техникалық мамандарды дайындайтын орта буынды оқу орындарын құруды бастады. Осылайша индустриалды дамудың алғашқы кезеңінде нақты мәселелермен бетпе-бет келіп, оларды шешу жеделдетіп шешуімізге тура келді, – дейді сарапшы экономист.


Кейбіреулер сияқты «индустриалды даму бағдарламасы кезінде түк істелінген жоқ» деп кесіп айтуға боламайды. Мұндайда дана халқымыз «көрмес түйені де көрмес» деген әңгімесі еске түседі. Жалпы, индустраилды даму бағдарламасы өңірлердің дамып, жаңа өндіріс орындарының құрылуына мұрындық болғанын айтуға болады.

Айталық, Кеңес заманында қазіргі Түркістан облысына қарасты Кентау қаласы тау-кен саласы, машинақұрастыру саласымен аты шыққан қала болатын. Кеңес заманында Кентау трансформатор зауыты елімізді былай қойғанда Одақ көлемінде түрлі трансформаторларды шығарып келді. Ал Кеңес одағы құлағаннан кейін мұндағы өндіріс қарқыны біршама бәсеңсіген еді. Бірақ жергілікті инвестор өндірістің отын өшірмей зауытты сақтап қалды.

Елімізде индустриалды даму бағдарламасы қолға алғанғаннан кейін Кентау трансформатор зауыты мемлекет тарапынан көмек-қолдауға ие болып, жұмысын жандандырғанын білеміз. Қазіргі таңда өндіріс ошағы дүниежүзінің бірқатар елдеріне энергетика саласына аса қажет трансформаторлар шығарып, еліміздің ырысын арттырып отыр. Батыс Қазақстан облысында аталмыш зауыттың бөлімшесі бой көтеріп, өндіріс көлемі ұлғая түскеніне куә болдық.

Индустриалды бағдарламаның арқасында қанатын кеңге жайып, жүздеген адамды тұрақты жұмыс орынымен қамтып отыр. Әр өңірге барғанда индустриалды даму бағдарламасының шарпатын көрген өндіріс ошақтарын көруге болады. Талдықорғандағы аккумулятор шығаратын зауыт жайында да осы әңгімені айтуға болады.

Индустриалды даму бағдарламасы өндірісті өркендету ісімен ғана шектелген жоқ. Бұл бағдарлама білім беру саласының да етек-жеңін жиып, заман көшіне сай маман дайындауға ықпал еткенін айрықша атап айтуға болады.

Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары аудан орталықтарында университеттер мен академиялар бой көтерді. Олардың бәрі заңгерлер мен экономист мамандарды дайындауға ден қойды. Өндіріс орындарында жұмыс істейтін кәсіптік-техникалық мамандарды даярлау ісіне тиісті деңгейде көңіл бөлмеді.

Ал индустриалды даму бағдарламасы жүзеге аса бастаған сәтті білім саласындағы осы олқылық көзге бірден түскен еді. Осыдан кейін еліміздің кәсіптік-техникалық маман иелерін дайындайтын орта буынды оқу орындарға айрықша көңіл бөлініп, Германияда өз жемісін берген Дуальді оқыту жүйесі енгізілгенін көзіміз көрді. Атырауда мұнай-газ саласына маман даярлайтын «APEC Petrotechnic» Жоғары техникалық мектебі пайда болып, мұнай-газ саласына білікті мамандар даярлай бастады. Осыдан-ақ индустриалды даму бағдарламасы еліміздегі өндіріс орындарынан бөлек білім беру, маман дайындау саласына да серіпін бергенін байқауға болады.

Индустриалды даму бағдарламасының екінші кезеңінде өңірлерде Индустриалды-инновациялық парктер құрылып, өңірлерде экономикалық даму орын алды. Мұндай парктер ашу үшін жергілікті билік орындары арнайы жер телімін белгілеп, ол жерге жарық, су, газ сынды инфрақұрылымдық желілерді тартып, инвесторларға барынша жағдай жасады.


Ең бастысы индустриалды-инновациялық парктер аумағында тіркелген кәсіпорындарға мемлекет салықтық тұрғыдан бірқанша жеңілдіктер ұсынып, өңірлерде өндірістің алға басына ықпал етті. Қазіргі таңда индустриалды-инновацилық парктердің аумағында жаңа өндіріс ошақтары бой кетеріп, жұмыс істеуде. Осындай жайды сараптағанда индустриалды даму бағадарламасының ел дамуына тигізіп отырған үлесі зор екенін бағамдауға болады.

Нұрлан Жұмахан 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x