Біз неге кедейміз?

Dalanews 12 қаз. 2017 11:16 397

Біз тек қана ұлттық құндылықтарымызды сақтай тырып, өркениетті ел бола аламыз. Еуропа елдерінің бәрі – ұлттық мемлекеттер. Германия, Франция, Польша, Италия, тағысын тағы. Яғни, демократиялық, зайырлы мемлекет болу. Осы жерде айтпағым, реформа неден басталады?

 Реформа «мен ұлтымды қалай бақытты ете аламын» деген асыл мақсаттан, яғни, ұлтқа деген сүйіспеншіліктен басталады. Алаш қайраткерлері түгел сондай болды. Өркениетті, дамыған мемлекет құруға қазақ халқының қауқары әбден жетеді. «Қазақтарда аяқтан шалу, көре алмаушылық көп» дейміз. Бұл қасиеттер кез-келген ұлтта бар. Биологиялық тұрғыдан адамның бәрі бірдей. Жалқау халық деген жоқ. Минимум күш сала отырып, максимум пайда көру – кез-келген биологиялық ағзаға тән мақсат. 

Бірақ бар мәселенің шешімі экономикалық саясат жүйесіне келіп тіреледі. Экономикалық саясатымызды түзеп алсақ, біздің ел жылдам өсер еді. Егер мен бай болғым келсе, еңбектенуім керек болса, онда мұндай ел өседі. Егер мен баюым үшін тонауым керек болса, мұндай ел құрдымға кетеді. 
Қазақ деген жалқау халық емес, өте белсенді, жеті атадан асып қана қыз алған, қаны таза ұлт.

Сондықтан өте зерек, интеллектісі жоғары, дарынды халықпыз. Мен өз туыстарына үйленетін арабтарды көрдім. Олардың ой-санасы бала сияқты. Ал біздің халықтың ойлау өресі өте жоғары. 

Бізге не жетіспейді? Намыс жетіспейді.
Біз өз-өзімізді сыйламаймыз. Неге? Өйткені кедейміз. Кедей адам өз-өзін сыйламайды, өзін төмен бағалайды.

Өйткені түгі жоқ, яғни, қауқары дымға жетпейді. Сондықтан өзін сыйламайды, өзіне сенбейді, көшеге барып түкіреді. Мен төмен тап болсам, кеудемді тік ұстап қайтем, мәдениеттің маған не қажеті бар? Ал егер әр қазақта шағын болса да, дүкен болса, шағын болса да, жер болса, онда ол кеудесін көтеріп жүреді, өзін жоғары бағалайды. «Менің қолымнан бәрі келеді» деген сенім, өзіне деген құрмет пайда болады. Ертең көшеде түкірмейді,керісіншіе, гүлзарлар салады. 

Мен Еуропадағы кедей және бай елдердің осындай айырмашылығын байқадым. Меніңше, түбі халық жеңеді. Халықтан артық күш жоқ, мен соған сенемін әрі өз тарапымнан барынша күш саламын.

Мұхтар ТАЙЖАН,


Stan.kz cайтына берген сұхбатынан  


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x