Есілдің сол жағалауынан екінші Оқушылар сарайы салынады  

Dalanews 16 қар. 2022 07:24 256

Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов қалада спорт нысандарының құрылысы жайында және сол жағалаудан тағы бір Оқушылар сарайы салынатынын айтты.

– Елордада балалар мен қала тұрғындарына арналған спорт және демалыс орталығын салынатын болады. Айталық, Алматы ауданында («Қазақстан» спорт сарайы жанында) жеке инвестициялар есебінен көпфункционалды балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт орталығының құрылысы жүріп жатыр. Спорт орталығының базасында футбол алаңдары, сол сияқты үстел теннисіне, дзюдоға, парадзюдоға, хореографияға арналған залдар жұмыс істейтін болады, – деді қала әкімі.

Көпфункционалды спорт орталығының базасында спортшыларды оңалтуға арналған дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері де болатынын айта кетуіміз керек. Орталық салу үшін тартылған инвестицияның сомасы – 5,5 млрд теңгені құрайды. Спорт орталығын 2023 жылы ашу жоспарланып отыр.

Сол сияқты қалада жеке инвестициялар есебінен үстел теннисі орталығын («Алау» мұз сарайының жанында) ашылатынын айта кетуіміз керек.

– Жаңа Оқушылар сарайының құрылысы да жеке инвестициялардың есебінен жүргізілетін болады. Болашақ Оқушылар сарайының жалпы ауданы шамамен 6,5 мың шаршы метрді құрайды. Оның базасында бассейн, гимнастика, спорттық-бал билері залдарын, шахмат, робототехника және IT-бағдарламалау кабинеттерін жұмыс істейді. Бүгінде оң жағалауда Оқушылар сарайы бар. Енді қала тұрғындарының өтініші бойынша сол жағалауда Оқушылар сарайын салып жатырмыз. Жаңа нысан 2023 жылы пайдалануға берілетін болады, – деді Алтай Көлгінов.


Бұдан басқа қалада бокс, жекпе-жек өнері орталықтары, жекпе-жек залы, спортшыларға арналған медициналық орталық ашу да әкімдіктің жоспарын бар екен. Өз кезегінде қала басшысы алдағы уақытта «Жастар» сарайы мен нда, «Толқын» спорт кешеніне жөндеу жұмыстары жүргізілетінін де айтты.

Бүгінде «Қазақстан» спорт кешенінде қайта құру және жаңғырту жұмысы жүріп жатыр. «Өндіріс» және «Көктал-2» елді мекендерінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ашылды. Оларда спорттың 10 түрі бойынша 1 мыңға жуық бала жаттығады. Тағы екі елді мекенде дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жүргізілуде.

– Қала тұрғындарының спортпен шұғылданып, бос уақытын пайдалы өткізуі үшін спорт және демалыс орталықтарының желісін ары қарай да кеңейте береміз. Спорт орталықтары бұқаралық спортты дамытуға және балалар мен жасөспірімдер спортына қолдау көрсетуге мүмкіндік береді, – дейді елорда әкімі.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x