Ноғаев Өзбекстанның Ақтаудағы бас консулымен кездесті

Dalanews 29 сәу. 2022 06:26 183

Маңғыстау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Атабек Тұрсынбековты қабылдады, – деп хабарлайды Dalanews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екіжақты кездесуде Маңғыстау облысы мен Өзбекстан Республикасының арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту, өңір аралық кәсіпкерлікті дамытудың инвестициялық мүмкіндіктері мен перспективалары талқыланды.

Өзбекстан Республикасы мен Маңғыстау облысы арасындағы сыртқы сауда айналымы 2021 жылы 7,9 млн АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт  – 672,6 мың АҚШ долларын, импорт  – 7,3 млн АҚШ долларын құрайды.

Маңғыстау облысында экономиканың түрлі салаларында өзбек капиталының қатысуымен 84 кәсіпорын тіркелген.


Әуе қатынастарын дамыту мақсатында осы жылы алғашқы рет Ақтау және Үргеніш қалалары арасында аптасына 3 рет жиілікпен қатынайтын  тұрақты рейс іске қосылды. Сонымен бірге, аптасына 3 рет Ақтау-Нөкіс қалалары арасында тұрақты рейс іске қосылды.

Кездесу соңында тараптар экономиканың түрлі салаларында нақты жобаларды іске асыру үшін ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x