Бағаны ұдайы бақылауда ұстаймыз. Кәсіпкерлермен 400-ден аса меморандум жасалды - Семей әкімі

Dalanews 24 желт. 2021 11:58 173

Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов бағаны тұрақтандыру бағытында атқарылған жұмысқа тоқталды. 

Оның атап өткеніндей бөлшек сауда кәсіпорындарымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 10 пайыздан аспайтын үстемесін қолдану бойынша 408 меморандум жасалған.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетігі шеңберінде «Ертіс» «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның 10 сауда павильонында және ӘКК сауда павильондары жоқ жерлерде орналасқан бөлшек сауда кәсіпорындарында (20 меморандум жасалды) тұрақтандыру қорының өнімдері белгіленген бағалар бойынша сауда үстемесінсіз сатылуда.

2021-2022 ж.ж. маусымаралық кезеңге Семей қаласы үшін өңірлік тұрақтандыру қорына «Ертіс «ӘКК» АҚ 2021 жылғы егін өнімдерін 3100 тонна көлемінде сатып алып, іске асыруда, оның ішінде картоп – 1500 тонна, өткен жылмен салыстырғанда көлемі 50% – ға артты, қырыққабат – 450 тонна, сәбіз – 400 тонна, пияз - 750 тонна.

«Ертіс» ӘКК» АҚ-на жеміс-көкөніс өнімдерін сататын павильондарды орнату және орналастыру үшін қаланың әртүрлі аудандарында қосымша 9 жер учаскесі бөлінді (Қазіргі уақытта павильондар дайындау жұмыстары жүргізілуде).

Бүгінгі күні Семей қаласының әкімдігі мен тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының басшылары арасында ұн, нан және тауарлық жұмыртқа өндіретін «Семей-Элита 2» ЖШС, «Ай-Ар» ЖШС, «Семнан» ЖШС, «SemeiQus» ЖШС сияқты кәсіпорындармен азық-түлік өнімдеріне бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Бағаны тұрақтандыру мақсатында «SemeiQus» ЖШС өнімдері ағымдағы жылдың ішінде өңірдің тұрақтандыру қорына 33 теңгеден жеткізілетін болады. Айналым қаражатын толықтыру үшін кәсіпорынға «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы жеңілдетілген несие түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Тұрақты түрде, апта сайын демалыс күндері «Северный» сауда логистикалық орталығы және «Jolaman» көтерме-тарату орталығында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі, онда жергілікті ауыл шаруашылық тауар өндірушілері үшін жеңілдікпен 40 сауда орындары ұсынылады.

"Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен «Jolaman» көтерме-тарату орталығының құрылысы» жобасы жүзеге асырылды. Жобаның бірінші кезеңі аясында 7,0 мың тонна картоп пен көкөніс өнімдерін сақтайтын ауданы 7,5 мың шаршы метр қойма үй-жайлары салынды. Инвестиция көлемі 2,5 млрд.теңге", – деді қала басшысы.

Бүгінгі таңда «Jolaman» көтерме-тарату орталығы мен «Северный» сауда-логистикалық орталығында 410 тонна картоп, 235 тонна сәбіз және 120 тонна қырыққабат сақтауға қойылды.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы құрылымдары мен жеке қосалқы шаруашылықтарында 100 тонна картоп және 160 тонна көкөніс сақтаулы.

Бағаны ұстап тұру бойынша жұмыстар тұрақты бақылауда болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x