«Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы. Биыл Ұлан ауданында қос пәтерлі 12 үй салынды

Dalanews 24 желт. 2021 08:55 342

Шығыс Қазақстан облысы аумағында 2020 жылдан бері «Бір қабатты Шығыс» бағадарламасы қолға алынып, ауыл-аудандарда тұрғын үйлерін салына бастаған болатын. Биыл аталмыш бағдарлама бойынша Ұлан ауданында қос пәтерлі 12 үй салынғанын аудан әкімі Ренат Құрмамбев Аймақтық орталық коммуникация қызметінде өткен баспасө мәслихатында айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ұлан ауданында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында тұрғын үйлер Қасым Қайсенов, Таврия, Бозанбай ауылдарында салынған. Өз кезегінде аудан әкімі Ренат Құрмамбаев құрылыс комапнияларымен 2022 жылы тұрғын үй салу үшін келісімге келгендерін де алға тартты.

Алдағы жылы ауданданда қос пәтерлің 25 үй салынып, тұрғындардың пайдалануына берілмекші. Үйлер Қасым Қайсенов, Герасимовка, Мамай батыр және Сағыр ауылдарында салынады деп жоспарлануда. Биылдың өзінде Қасым Қайсенов ауылында 40 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы басталғанын айта кетуіміз керек. Ал «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 4050 шаршы метр тұрғын үй салу да жоспарда бар.

– Алдағы 2022 жылы біздер 8,5 мың шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз, – дейді Ренат Құрмамбаев.

Қазір Ұлан ауданында тұратын халықтың саны жыл өткен сайын артып келеді. Халықтың өсімі әсіресе аудан орталығы саналатын Қасым Қайсенов ауылында жоғары. Осыған байланысты алдағы ауылда орта мектеп салу ісі күн тәртібіне шыққан-ды.

Аудан орталығында мектеп салу үшін үстіміздегі жылдың тамыз айында облыстық бюджеттен қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары басталған болатын. ғанын айта кетуіміз керек. 320 балаға араналған білім ордасы 2022 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x