Cоңғы жаңалықтар
Back

Nur Otan үміткері: «Алакөл ауданында жастар үшін бірнеше спорт кешендері ашылды»

Алакөл ауданынан Мәжіліс депутаттығына үміткер Досан Кәрімов үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізуде. Науқанның алғашқы қадамы ретінде әлеуметтік желілер арқылы халықпен онлайн сұхбат жүргізгендігін айтуға болады.

Тікелей эфир барысында Д.Кәрімовқа жұртшылық тарапынан бірнеше салмақты сауалдар қойылды.

Атай кетсек, ең алдымен болашақ иегерлері болып отырған жастарға қолдау көрсету және ықпалдасу тақырыбы көтерілді.

Бұл ретте Д.Кәрімов ертеңгі күннің тұғырын тік ұстайтын жастарға деген мемлекет тарапынан, соның ішінде «Nur Otan» партиясы арқылы көптеген жеңілдіктер мен мүмкіндіктер беріліп отырғанын атап өтті.

Олар –  жұмыспен қамту, білім беру, кәсіпке баулу, тұрғын үй беру, қоғамдық шараларға тарту, демеушілік ету, дарын-дағдыларына қарау қолдау көрсету сынды мәселелер күн тәртібінен түспегендігін де жеткізді.

Сонымен қатар, бұқаралаық спорттың дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттау туралы да сауал жолданды. Оған да тұщымды жауаптар айтылып, басқа өңірлерді алмағанда, Алакөл ауданының өзінде бірталай жұмыстар атқарылып жатқандығын тілге тиек етті.

Биыл Үшарал қаласындағы Сымбат стадионының жөнделуі, Достық ауылында дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің салынуы, Ақши ауылында теннис кортының, жағажай волейболының, әр ауылдық округте спорт алаңдарының тұрғызылуы салауатты өмірге қарай қарымды қадамдар басылып жатқандығы айтылды.

Туризм саласы бойынша да салмақты сұрақтар қойылып, аудан экономикасының тірек саласы саналар бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға шолу жасалды. Жол мәселесінің шешім табуы, әуе, темір жол қатынастары, көл жағалауын бекіту, демалыс орындарындағы қызмет сапасын арттыру мәселелері талқыға түсті.

Л.ТУКЕЕВА, «Nur Otan» партиясы Алакөл аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі.

(Материал ақысы «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Алакөл ауданының Сайлау қорының есебінен төленді)

Тағы оқыңыз:

Алакөл ауданында «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабы жұмысын бастады