Індет жұқтырған Семейдің 2 тұрғынымен 6 адам байланыста болған

Dalanews 28 нау. 2020 08:06 225

Коронавирус жұқтырған Семейдің 2 тұрғынымен 6 адам байланыста болған, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.

– Вирус жұқтырған ерлі-зайыптылармен байланыста болғандар анықталды. Қазіргі уақытта сол 6 адам дәрігерлердің бақылауында. Оның екеуі карантиндік стационарға, төртеуі арнайы провизорлық стационарға жатқызылған. Қажетті ем-шаралар жүргізіліп жатыр, – дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан.

Сондай-ақ олардың тұрғылықты жерлерінде санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жүргізілуде.


Естеріңізге сала кетсек, бүгін Семей қаласында 2 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Ерлі-зайыптылар 21 наурыз күні Мысырдан келген.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x