Шымкентте Азаматтарға арналған үкімет «Мектепке жол» акциясын өткізді

Dalanews 21 там. 2019 11:05 197

Жаңа оқу жылы қарасаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды қолдау мақсатында республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізді.

1 қыркүйек күніне орай, балалардың оқу портфелін дайындап, қажетті мектеп формасымен қамтамасыз ету үшін корпорация қызметкерлері қаражат жинап, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға көмектесті.

«Баланы мектепке дайындау көп шығынды талап етеді. Ал отбасында бірнеше бала болса, тіптен қиын. Бұл шараға қатысуымыз корпорациямыздың  әлеуметтік жауапкершілігінің тағы бір көрінісі. Мен көмек қолын созып, өз отбасының бюджетінен қаржы бөлген әріптестеріме алғысымды білдіремін», – дейді филиал директоры Данабек Исабеков.

Шара барысында корпорацияның қызметкерлері қаражат жинап, 20 жуық баланың мектепке баруына жағдай жасады.

Қайырымдылық акциясы жыл сайын ҚР Білім және ғылым министрлігінің және «Nur Otan» ХДП ұйытқы болуымен өтеді.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ  Шымкент қаласы бойынша филиалының  баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x