Алдағы жылы Жетісай ауданында 123 көше жөнделетін болады

Dalanews 19 желт. 2018 02:56 134

2019 жылы Жетісай ауданы бойынша жалпы ұзындығы 89 шақырымды құрайтын 123 көшені орта жөндеуден өткізу үшін 1 млрд 130 млн 76 мың теңгеге сметалық құжаттамалар әзірленіпті. Бұл жайында күні кеше ғана Түркістан қаласында журналистердің басын қосып, брифинг өткізген аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев мәлім етті.

Сондай-ақ, Жылысу ауыл округі Баққоныс-2 елдімекеніне кіреберіс автомобиль жолын күрделі жөндеуден өткізу үшін 164 млн 203 мың теңгеге жобалау сметалық құжаттама әзірленген. Аудан әкімі бұл бағытта сала мамандары жұмыс істеп жатқанын алға тартты. Ауданда жол жөнделген сайын халықтың барыс-келісі жақсарып, тұрмыстары түзеле түсетіні белгілі. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстардың қарқынын бәсендетпеу маңызды.

Оған қоса Атамекен ауылдық округі Мақташы және Қоғалы ауылдары аралығындағы көпірді күрделі жөндеуден өткізу үшін 154 млн теңгеге жобалау сметалық құжаттама дайындалды.

Ал жалпы ауданымыздың көлік жолдарының жалпы ұзындығы 376,1 шақырымды құрайды. Осы жолдардың 43,6 шақырымы республикалық, 215,3 шақырымы облыстық, 117,2 шақырымы аудандық маңызы бар. Ал ішкі көшелердің жалпы ұзындығы 863 шақырымды құрайды. Яғни 1145 көше бар.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x