Түркістанда жер асты су қорын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Dalanews 11 желт. 2018 07:51 235

Жалпы, 2020 жылға қарай 702 елді мекенге ауыз су жүйесін жүргізіп, тұрғындардың қамту деңгейін 83,2% жеткізу жоспарлануда. Бұл ретте ауыз суды тұрғындарға үздіксіз 24 сағат беруге назар аударылатын болады. 

Өңірде сондай-ақ, жер асты су қорын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы өңірде су қорын анықтауды қажет ететін 383 елді мекен болса, бүгінгі таңға соның 244-інде іздеу-барлау жұмыстары аяқталған. 2017 жылы 34 елді мекенде, ал 2019 жылға дейін қалған 105-інде тиісті жұмыстар атқарылады деп күтілуде. Бұл бағытқа 1,6 млрд. теңге бағытталған.

Қазығұрт және халқының саны бойынша кейбір облыстарға жетқабыл Сарыағаш пен Мақтаарал аудандарындағы 700 мыңға тарта халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі алдағы 5 жылда толық шешімін табады. Бұл ұзақ жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан мәселе еді. Жергілікті билік аталған мәселені Өгем өзенін ауыз су ретінде пайдалану арқылы түпкілікті шешуге бел буып отыр.

Былтырғы жылы Түркістан өңірінде 10 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған екен. Нәтижесінде орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған елді мекендердің саны 628-ге жеткен. Бұл өңірдегі тұрғындарды ауыз сумен қамту деңгейінің 74,4 пайызы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x