Қазақстанда өндірілген мақтаның басым бөлігі сыртқа экспортталады

Dalanews 11 қар. 2018 09:23 395

Түркістан мақта зауытының директоры Марат Молдыманов еліміздегі мақта өңдеу ісімен айланысатын кәсіпорындарды қажетті шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі түбегейлі шешемін таппағанын алға тартты.



– Жасыратыны жоқ, бізде шикізатпен қамту мәселесі толық шешілген емес. Айталық біздің зауыт бір жыл бойы үздіксіз жұмыс істеуі үшін 3-4 мың тонна мақта керек. Шикізатты шитінен тазартып, жуып, тазалғаннан кейін 800 тонна мақта талшығы қалады. Мұншама көлемдегі мақтаны дәл күзде сатып алып қоятындай қаржылық ресурсымыз жоқ. Бұл үшін 1,5 млн доллардай қаржы қажет. Негізінен, қажетті шикізатты күзгі жиын-терін кезінде сатып алған қолайлы. Қаржылық ресурсымыз жеткілікті деңгейде болмағандықтан, өнім шығаруға қажетті шикізатты біртіндеп сатып алуға мәжбүрміз. Мұндай жағдайда мақта бағасы да ала-құла болатыны жасырын емес. Қазақстанда өсірілген мақтаның көпшілігі сырт елдерге экспортталатынын өзіңіз де білесіз, – көкейде жүрген ойын ортаға салды.

Көршілес Өзбекстанда шаруаның 30 гектар жері болса, ол оның 15 гектарына мақта, қалған жеріне өзге көкөніс пен дақылдарды егуді билік орындары міндеттейді екен. Осылайша, Өзбекстан билігі шаруалардан жерді пайдаланбай бос тастауына жол бермейді. Сондықтан қарапайым шаруалар өздеріне тиісті жердің бәрін игереді.

Ал күзгі жиын-терін кезінде жергілікті билік орындары арнайы комбайндармен келіп мақтаны жинап алып, өздері белгілеген бағамен (ол әлемдік нарықтағы бағамен сәйкеспеуі мүмкін) сатып алып, сырт елдерге экспорттайды екен.

Мұндай жағдайда қазақстандық шаруалардың Өзбекстанмен бәсекелесуі қиынға түсетінін байқаған шығарсыз. Біздіңше, сырттан келетін медициналық мақтаға біршама шектеулер енгізу керек. Бұл отандық өндірістің аяққа тұруы үшін аса қажет шара деп есептеймін.

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x