Қазығұрт ауданы бюджеттің 99,9 пайызын игеріп үлгерді

Dalanews 28 қар. 2018 15:33 349

Таяуда Түркістан қаласында журналистермен кездескен Қазығұрт ауданы әкімі Төлеген Телғараев ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында кеңінен әңгімелеп берді.  Өз кезегінде аудан басшысы 2018 жыл аудан экономикасы үшін табысты жыл болғанын тілге тиек етті.

Енді ретімен баяндасақ, ауданның жалпы өңірлік өнім көлемі 2018 жылдың 10 айының қорытындысымен 96 929,7 млн. теңгеге орындалып, өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 121,0 пайызды құраған. Ал үстіміздегі жылы тартылған инвестиция көлемі 15 263,2 млн. теңгеге орындалып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,1 пайызға артқаны мәлім болды.

2018 жылы аудан бюджетінің жалпы көлемі 17 100,0 млн. теңгеге бекітіліп, бюджетті нақтылау барысында 2 915,0 млн. теңгеге артып, жылдық жоспар 20 015,0 млн. теңгені құраған. 10 айдың қорытындысына назар аударған адам аудан бюджеті 99,9 пайызға орындалғанын байқайды.

Ішкі кіріс бөлігінің 2018 жылғы жоспары 1 660,2 млн. теңге, 10 айлық жоспары 1 200,5 млн. теңге болса, нақты 1 261,3 млн. теңгеге, яғни 105,1  пайызға (60,7 млн. теңге артық) орындалды.

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x