Ордабасы өнімдері көрменің сәнін кіргізді

Dalanews 15 қар. 2018 09:26 223

Бүгін Шымкент каласындағы Көрме орталығында Қазақстан мен Өзбекстанның ынтымақтастық І өңіраралық тауар өндірушілерінің форумы өтуде.

Форум аясында Ордабасы ауданынан «Ордабасы құс», «Бөрте Милка» ЖШС, «Ордабасы ешкі сүт өнімдері» АШӨК, «Karloskrona LBC», «Grin technology inginerlng» жане «Kazkioti» 'ЖШС өнімдері көпшілік назарына ұсынылды.

Аудандағы іргелі кәсіпорынның бірі «Ордабасы құс»

«Ордабасы құс» ЖШС-нің жоғары технологиялы құс өсіру кешені 2010 жылдан бастап өндірістік қуаты 5000 тоннаға дейін түйетауық етін өңдеп келеді. Кәсіпорын Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы Бадам ауылында орналасқан. Бұл кешен түйетауық етін өндірістік негізде өңдейтін Қазақстандағы бірінші агроөндірістік кешен. Нысан Қазақстанның индустрияландыру Картасына еніп, «Казагрофинанс» АҚ-ның еншілес компаниясының қаржыландырылуымен іске қосылды. Бұл жобаның жалпы инвестициясы 5,58 млрд теңге.

2013 жылдың соңында кешенді кеңейтудің екінші кезеңінде түйетауық етінің өндірістік қуатын 3282 тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік алды. Қазір мұнда жылына 8110 тонна түйетауық еті өндіріледі. Бүгінгі күні құс өсіру кешенінде өнімнің 55 түрі шығарылады – жеңіл диетаға арналған еттен бастап, қайта өндірілген ет түріне дейін бар. Өндірілген өнімнің 30 пайызы Ресейге экспорттталады, тасымалдың жарты шығынын «KAZNEX INVEST» өтейді, еттің 70 пайызы ішкі нарыққа түседі.

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x