«Тіл – парасат» байқауы өтті

Dalanews 21 қар. 2018 10:20 252

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, жастардың жеке көзқарастарын дәлелдеп, түйіндей білуге, сөз мәдениетін сақтай білуге баулу, білімдерін шыңдай түсуге үйрету, өңірімізде дебат ойындарын жандандыру және дамыту, жастарды жан-жақты ізденуге өзекті мәселелерді талқылауға тарту мақсатында Кентау қаласында «Тіл – парасат» байқауы өтті.

Байқау дебат түрінде ұйымдастырылды. Дебатқа Кентау көпсалалы колледжінен «Бірлік» тобы және Кентау гуманитарлық техникалық колледжінен «Болашақ» тобы қатысты.

Сайыс нәтижесінде «Бірлік» тобы жеңімпаз атанып, барлық қатысушылар диплом және сыйлықтармен марапатталды.

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Мақсатқа анық жету үшін біздің ісімізден санамыз алда жүруі керек» деп атап өтті. Ендеше рухани жаңғыру сынды ұлы бастаманың басты жаңалығы латын әліпбиіне көшу арқылы сананы жаңғырту. Демек қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру алдағы міндеттердің бірегейі деп білуіміз қажет» дей келе басқарма басшысы әліпби ауыстыру бізге жат еместігін, жаңа әліпбиіге көшу әлем қазақтарының рухани бірлігінің негізі болатынын да тілге тиек етті.

 

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x