Back
| DalaNews

«Қаржы толық қайтарылады». Келімбетов Әзірбайжан банкіне салған қаржыны қайтармақшы.

Әзірбайжан халықаралық банкіне салынған халықтың ақшасы міндетті түрде қайтады. Бұндай мәлімдемені Зейнетақы қорының директорлар кеңесінің мүшелігіне енген Қайрат Келімбетов жасады. Енді миллондаған азаматтардың ақшасын Әзірбайжан банкі емес, үкіметі өтеуі тиіс, – деп хабарлайды КТК арнасы.

– Адамдардың зейнетақы ақшасы туралы уайымы осымен сейіледі деп ойлаймын. Инвестиция толық қайтарылады. Мен қарыздың оңтайландырылуына қатысып жатырмын. Бұндай жұмыста тәжірибесі бар адамдар Қазақстанда аз. Сондықтан Үкімет маған қолқа салды, – деді Қайрат Келімбетов.

Қарызды банктен Әзірбайжан үкіметке жүктеу бойынша дауыс беру жақын күндері өтпек. Халықтың 71 млрд теңге зейнетақы жинағы кезінде Әзірбайжан банкіне Келімбетовтың өзінің пәрмен беруімен салынғаны белгілі. Осы келеңсіз жәйттен кейін, Ұлттық банк енді жекеменшік зейнетақы қорларын қайтармақ ниетте. Қазір тиісті ұсыныс үкіметтің қарауында. Десе де, Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры халық ақшасын бір қолда ұстау құқығын өзіне қалдырып отыр. Салымшылар қормен арнайы келісім жасап, зейнетақы ақшасын Ұлттық банк арқылы алып шығып, жекеге салады. Бас банкир Данияр Ақышев бәсекелі ортада да халық ақшасының талан-таражға түспеуін қатаң қадағалаймыз деп сендіріп отыр.

 

https://dalanews.kz/27169