Алматыда «Қасиеттім – Желтоқсан!» дәстүрлі концерті өтеді

Dalanews 01 желт. 2016 06:42 230

3 желтоқсан күні Алматыдағы Қазақстан Жазушылар Одағының концерт залында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 1986 жылғы желтоқсанның 30 жылдығына орай «Қасиеттім – Желтоқсан!» атты концерт биыл үшінші рет өткелі отыр.

Аталған концертте 1986 жылғы желтоқсанда алаңда шырқалған әндермен қатар, желтоқсанды жырлаған шығармалар және де ел тәуелсіздігін толғайтын отаншылдық рухтағы әндер орындалады. Шараны Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Алматы қаласында үкіметтік емес ұйымдармен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру бойынша тапсырысы аясындағы тікелей қолдауымен «Жерұйық» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр.

Бұл ән мен жыр кешін ұйымдастырудағы басты мақсат – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы тақырыбында жарық көрген музыкалық шығармалар мен әндерді насихаттау. Бұл - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы тақырыбындағы әндерге арналған концерт дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Концертте кезінде желтоқсан алаңында шырқалған «Атамекен» әнінен бастап, оқиғадан кейінгі уақытта шыққан «Желтоқсан  тағылымы», «Желтоқсан  желі», «Бостандықтың  бойтұмары – желтоқсан», «Қара  бауыр қасқалдақ», «Желтоқсан маршы», «Желтоқсан жастары маршы» және «Қайсар қазақ» сынды желтоқсан тақырыбына арналған әндер мен қатар, ел тәуелсіздігін толғайтын отаншылдық рухтағы әндер орындалады.

Концертке Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші Нұрғали Нүсіпжанов, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Мұратбек Сарбасов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Құрманбек Әлімғазы, Есет Садуақасов, Азамат Бекбергенов, Әлия Әбілқайыр, Артұр Ізтілеуов және «Аманат» тобы сынды т.б. өнер жұлдыздары қатысады.

Өткізу уақыты мен орны: Қазақстан Жазушылар Одағының концерт залы, 3 желтоқсан, сағ.15.00  Келем деушілерге есік ашық!

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x